Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды

Қазақ балуандары Әлем чемпионатының соңғы күні тағы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Әлем чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржынын еркін күрес шеберлері тағы 2 медальмен толықтырды.

Әуелі 61 келіге дейінгі салмақтағы Асыл Айтақын грузин Рамаз Турманидзені, сосын аса ауыр салмақтағы Әлішер Ерғали мажарстандық Милан Андрас Корчсогты ұтты.

Іріктеуде Асыл ирандық Армин Мехди Хабибзадехсаруколаидан айласын асырғанымен, армениялық Арсен Арутюнянға есе жіберді. Ал жұбаныш кездесуінде  пуэрто-рикалық Джозеф Андрес Сильваға еш мүмкіндік берген жоқ.

Ал аса ауыр салмақтағы Әлішер Ерғали түркіменстандық Зямұхаммет Сапаровты мерзімінен бұрын жеңді. Ал ширек финалдағы әзірбайжандық Вахит Галаевпен болған күрес тартысты өтті. Қазақстандық балуан бір ұпай айырмасымен ғана басым түсті. Ал жартылай финалда Әлішердің жолын Иран спортшысы кесті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова