Роналдудың агенті егер ол МЮ-ден кетсе, қайда баратынын айтты

Роналдудың агенті егер ол МЮ-ден кетсе, қайда баратынын айтты
Фото: United in Focus

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедтен» кетсе, оның мансабы қайда жалғасатыны белгілі болды, - бұл туралы Vesti.kz жазды.

CBC Sports журналисі Бен Джейкобстың айтуынша, ықтимал тегін трансфер немесе төлемді қысқарту Роналдуға сұранысты арттыруы мүмкін.

Форвардтың агенті Жорже Мендешке келесі маусымда итальялық «Романы» перспективалы нұсқа ретінде көреді, әсіресе егер олар Чемпиондар лигасына ойнайтын болса, сондай-ақ америкалық MLS-те жақсы нұсқа бола алады.

Еске салайық, қазіргі уақытта Роналду «Тоттенхэм Хотспурға» қарсы матч кезінде ойын бітпей жатып кетіп қалғаны үшін «Манчестер Юнайтедтің» негізгі құрамынан шеттетілген. Кейінірек ағылшын топ-клубының жаттықтырушысы Эрик Тен Хааг португалдықтың Еуропа лигасында «Шерифпен» кездесуге командаға оралуы мүмкін екенін хабарлады.

Т. Раушанұлы