Головкиннің қарсыласы батыл мәлімдеме жасады

Головкиннің қарсыласы батыл мәлімдеме жасады
Фото: esquivafalcao Instagram-парақшасы

Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 KО) қарсыласы болуы мүмкін Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) қазақстандық боксшыны жеңетіні туралы тағы да батыл мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Эскива Twitter-парақшасында "GGG-ді жеңемін. Сіз мұны жазып қойыңыз. Бразилия тарихқа кіреді" деген жазба жариялаған. 

Айта кетейік, Эскива - 2021 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. Ол міндетті қарсылас атағын биыл канадалық Патрис Вольниді жеңіп иеленген.

Фалькао мен Головкин арасындағы жекпе-жек 2023 жылы өтуі мүмкін. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова