Головкин жеңілмеген нокаутшымен қашан жұдырықтасады? Менеджер жауап берді

Головкин жеңілмеген нокаутшымен қашан жұдырықтасады? Менеджер жауап берді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькаоның (30-0, 20 КО) менеджері Серджио Батарелли қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсы жекпе-жек қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Головкин алдымен Фалькаомен жекпе-жек өткізеді, бразилиялық боксшы IBF ұйымы бойынша міндетті қарсылас саналады. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы WBA-ның тұрақты чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен кездесуге міндеттеледі.

"Енді бұл ресми. Мен Эскива Фалькао мен Геннадий Головкиннің титулдық жекпе-жегін растайтын және жекпе-жек бойынша келіссөздер бастауға міндеттейтін екі электрон хат алдым, кездесу келесі жылдың басында болады. Жекпе-жек 2023 жылдың ақпанында немесе наурызында өтуі керек, бірақ бұл болжам ғана. Нақты күні мен орны келіссөздерге байланысты", - деді Батарелли.

Айта кетейік, Фалькао - 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Былтыр канадалық Патрис Вольныйды мерзімінен бұрын жеңіп, міндетті үміткер атанған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш