Канело Қазақстаннан шығатын жаңа әлем чемпиондарын атады

Канело Қазақстаннан шығатын жаңа әлем чемпиондарын атады
Фото: Фото:instagram.com/canelo

Мексикалық жұлдыз Сауль Канело Альварес қазақстандық спортшылар туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Желіде мексикалық спортшы Сауль Канело Альварес Suleimen Promotion компаниясы атынан шығатын қазақстандық боксшылармен кездесіп, олардың мүмкіндіктеріне баға беретін видео пайда болды.

"Қазақстан! Олар - әлем чемпиондары. Үш чемпион", - деді Канело.

Әңгіме үш боксшы туралы болып отыр. 23 жастағы Евгений Павлов екінші салмақта өнер көрсетіп, жеті жекпе-жекте де жеңіске жеткен (бесеуі мерзімінен бұрын).

25 жастағы орта салмақтағы Әбілхан Аманқұл маусымда АҚШ-та дебют жасап, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Ал 24 жастағы Бек Нұрмағанбет екі жыл ішінде өткізілген жеті жекпе-жекте жеңіске жеткен (бесеуі мерзімінен бұрын).

"Канело сіздерді әлем чемпиондары деп атады. Бұл - Канело тарапынан үлкен марапат", - деп тілші қазақстандықтарға.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова