Әлем чемпионатының фавориттері кім? Месси жауап берді

Әлем чемпионатының фавориттері кім? Месси жауап берді
Фото: Reuters

Аргентина құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси футболдан 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының басты фавориттерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Фавориттерге келер болсақ, Бразилия, Германия, Франция, Англия, Испания секілді үлкен командалар бар, кейбірін ұмытып та кеткен шығармын. Бірақ бір не екеуін таңда десе, Бразилия мен Францияны атар едім - әлем чемпионатында жеңіске жетуге басты екі үміткер", - деп келтірді Мессидің сөзін "Спорт-Экспресс".

Катардағы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан арасында өтеді. 

Аргентина құрамасы С тобында Мексика, Польша мен Сауд Арабиясымен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш