Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгіленді

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгіленді

Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBO белбеуін иеленгеннен кейін кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласын анықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

BoxingScene.com сайтының мәліметінше, отандасымыз ұлыбританиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) қолғап түйістіреді.

Сонымен қатар, бокс басылымы қос спортшының 12 қараша Лас-Вегаста 12 раундтық жекпе-жек өткізетінін жазды. Дәл сол күні Әлімханұлы Top Rank ұйымдастырып отырған бокс кешінде жарақат алған Оскар Вальдесаның (30-1, 23 КО) орнына шығады.

Бұл жекпе-жек кешін ESPN+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова