Головкин әлемдік рейтингіде жоғарылады

Головкин әлемдік рейтингіде жоғарылады

BoxRec.com порталы салмақ санаттарына қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекке дейін бұл тізімде сегізінші орында тұрған болса, Альварестен жеңілгеннен кейін бірден үш сатыға көтеріліп, бесінші орынға орналасты.

BoxRec-тің P4P жаңартылған рейтингі:

1. Сауль "Канело" Альварес (Мексика)
2. Дмитрий Бивол (Ресей)
3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4. Александр Усик (Украина)
5. Геннадий Головкин (Қазақстан)
6. Энтони Джошуа (Ұлыбритания)
7. Эррол Спенс-младший (АҚШ)
8. Наоя Иноуэ (Жапония)
9. Шакур Стивенсон (АҚШ)
10. Деонтей Уайлдер (АҚШ)

Айта кетейік, 18 қыркүйекте Головкин - Альварес жекпе-жек кешінің андеркартында АҚШ өкілі Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) жеңген қазақстандық боксшы Әли Ахмедов те (18-1, 14 КО) Boxrec.com рейтингінде бірден 37 сатыға көтерілген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова