Мбаппе әлемдегі ең көп жалақы алатын ойыншы атанды

Мбаппе әлемдегі ең көп жалақы алатын ойыншы атанды
Фото: GETTY IMAGES

«Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең көп жалақы алатын ойыншы атанды. Жыл сайынғы рейтинг Sportico порталында жарияланды.

Айта кетейік, 23 жастағы француз өткен жылғы көшбасшы Лионель Мессиді мамыр айында ПСЖ-мен қол қойған келісімшартының арқасында басып озды.

Мбаппе осы маусымда 125 миллион долларға жұмыс істейді. Оның 105 миллион доллары оның жалақысы болса, 20 миллионы түрлі демеушілік келісім-шарттар.

«Манчестер Юнайтедтің» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду 113 миллион доллармен (53 миллион + 60 миллион) екінші орын иеленген.

Месси үшінші орынға түсті. Аргентиналық 35 жастағы ойыншының табысы 110 миллион доллар (62 миллион + 48 миллион).

Сондай-ақ үздік ондыққа бразилиялық Неймар (ПСЖ, 91 миллион — 56 миллион + 35 миллион), мысырлық Мохамед Салах («Ливерпуль», 39.5 миллион — 24.5 миллион + 15 миллион), бельгиялық Эден Азар («Реал», 31 – 3 миллион - 28,6 миллион + 2,5 миллион), испаниялық Андрес Иньеста («Виссель Кобе», 30 миллион - 23 миллион + 7 миллион), ағылшындық Рахим Стерлинг («Челси», 29,4 миллион – 21,4 миллион + 8 миллион), бельгиялық Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», 29 миллион – 25,5 миллион + 3,5 миллион) және француз Антуан Гризманн («Атлетико», 27,5 миллион - 22 миллион + 5,5 миллион ) енген.

Т. Раушанұлы