Головкин мен "Канело" жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

Головкин мен "Канело" жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

Головкин - "Канело" үшінші жекпе-жегінің тікелей эфирден көрсетілуі туралы мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана уақытымен 18 қыркүйекте таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі өтеді.

Қазақстанда Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Бокс кешінің трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 5:00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де басталады.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек T-Mobile Arena сарайында өтеді. Алдағы жекпе-жекте супер орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағы бәске тігіледі. Қазіргі уақытта оның иесі - "Канело".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова