«Челси» Томас Тухельді бас бапкер қызметінен босатты

«Челси» Томас Тухельді бас бапкер қызметінен босатты
Фото: skysports.com

«Челси» Томас Тухельді бас бапкер қызметінен босатты. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

«Челси» барлық ойыншылардың атынан Томас пен оның командасына клуб үшін төккен тері мен қызметіне  алғысын білдіреді. Томас жетістіктерімен «Челси» тарихында қалады. Жаңа қожайындар тобы клубты басқарғанына 100 күн толды. Біз клубты алға жылжыту бойынша күрделі жұмысты жалғастырамыз және қазір өзгертудің дұрыс уақыты деп санаймыз. Жаттықтырушылар штабы команданы алдағы матчтарға дайындауды жалғастырады, ал басшылық жаңа бас бапкерді іздейді», - делінген «ақсүйектер» мәлімдемесінде.

49 жастағы неміс бапкері лондондық команданы 2021 жылдың қаңтарынан бастап жаттықтырып, Чемпиондар лигасын, УЕФА суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Кеше, 6 қыркүйекте «Челси» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-туры аясындағы ойында сырт алаңда Загребтің «Динамосынан» жеңіліп қалды (0:1).

Т. Раушанұлы