Әлімханұлының міндетті қарсыласының есімі айтылды

Әлімханұлының міндетті қарсыласының есімі айтылды

International Boxing News YouTube-арнасы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) келесі қарсыласы болуы ықтимал боксшыны атады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Жәнібек алдағы уақытта орта салмақтағы WBO чемпионы ұлыбританиялық жеңілмеген Хамза Ширазбен (16-0, 12 КО) жұдырықтасуы ықтимал. Ал жекпе-жек қарашада өтуі мүмкін. 

Еске салайық, мұның алдында Әлімханұлы чемпиондық белбеуінің міндетті қорғауын қарашада өткізетіні хабарланған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова