Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын таңдады

Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын таңдады
Фото: © instagram/janibek_alimkhanuly

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) алға қойған мақсаты туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы америкалық Джермалл Чарлоға қарсы рингке шығып, одан WBC белбеуін тартып алғысы келетінін мәлімдеді.

"Чарломен жекпе-жек өткізіп, WBC белбеуін алғым келеді. Бұл мен үшін оңай болатынына сенімдімін. Мен жеңіл болады десем, демек, расымен солай. Мен екі экс-чемпионды (Роб Брант пен Хассан Нжикам) және жеңілмеген боксшыны (Дэнни Дигнум) нокаутқа түсіргенмін. Мен - әлем чемпионымын. Менің барлық чемпионды нокаутқа түсіретіндей қабілетім бар. Келесі кім?" - деп береді Жәнібектің сөзін Boxingscene.com.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова