Қазақ файтері "Бопайдың" нокаутқа түскен видеосы шықты

Қазақ файтері "Бопайдың" нокаутқа түскен видеосы шықты
Фото: ©sherdog.com

Қазақ файтері Зәмзәгүл Файзолланова Professional Fighters League (PFL) лигасында қатарынан екінші рет жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Атлантадағы (Джорджия, АҚШ) жекпе-жекте Файзолланова чехиялық Мартина Йиндровамен (5-2) кездесіп, нокаутқа түсіп қалды. Ол осыған дейін аталмыш лигада бразилиялық Ларисса Пачекоға есе жіберген еді.

Осылайша, Файзолланова екі жекпе-жекте бір де бір ұпай жинамай, Гран-при плей-оффына шығу мүмкіндігінен айырылды. Онда жеңімпазга миллион доллар берілетін еді.

G. Dosymshalova