Рахмоновтың бапкері Чимаевпен жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады

Рахмоновтың бапкері Чимаевпен жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады

Шавкат Рахмоновтың (16-0) бапкері Саид Сапаров Хамзат Чимаевпен болуы мүмкін жекпе-жек жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Шавкат пен Хамзат арасындағы жекпе-жек тақырыбын айналып өту қиын. Бір жекпе-жектен кейін екеуінің жекпе-жегі өте ме, өтпей ме белгілі болады. Сондай-ақ, мұның бәрі менеджер, матчмейкер және UFC міндеті. Егер жекпе-жек өтсе тарихта қалатындай деңгейде өтеді. Екеуі де мінезді жігіт. Бірі палуан, екіншісі соққы жасауда мықты. Соққы техникасында Шавкат жан-жақты. Хамзат күрестен мықты. Гилберт Бернспен өткен кездесуде күрестен мықты екенін дәлелдеді. Бірақ екеуін салыстырғанда басымдық Шавкатта", - деді бапкер.

Г. Досымшалова