Рахмонов пен Морозовтың UFC-дегі жекпе-жектері өтетін уақыт белгілі болды

Рахмонов пен Морозовтың UFC-дегі жекпе-жектері өтетін уақыт белгілі болды
Фото: instagram.com

Жексенбі, 26 маусымда Лас-Вегаста екі қазақстандық файтер - Шавкат Рахмонов (15-0) пен Сергей Морозов (17-5) қатысатын UFC Vegas 57 турнирі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

UFC Apex аренасында өтетін шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 5:00-де басталады. Қазіргі уақытта 12 жекпе-жек жоспарланған.

Сергей Морозов төртінші болып бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 6:30-да басталады.

Сурет: UFC

Келесі болып сағат 7:00 шамасында Қытайдан келген этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (37-10) АҚШ-тан келген Ти Джей Браунмен (16-8) кездеседі.

Сурет: UFC

Жекпе-жек "Матч! Боец" телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, жекпе-жектерді UFC Fight Pass жазылымы арқылы көруге болады.

Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгнимен (26-8) кездеседі. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады.

Рахмоновтың жекпе-жегін Setanta Sports 1 және "Матч ТВ" арналарынан, сондай-ақ UFC Fight Pass жазылымынан көруге болады.

Д. Шәріпхан