Канело мен Бивол реваншының өтетін күні белгілі болды

Канело мен Бивол реваншының өтетін күні белгілі болды
Фото: fighttime.ru

Дмитрий Бивол мен Сауль Канело Альварес  арасындағы екінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүріп жатыр. Промоутер Эдди Хирн кездесу өтетін күнді айтты.

Бұған дейін "Канело" қазақстандық Геннадий Головкинмен 17 қыркүйекте трилогия өткізетіні белгілі болған еді.

"Мен Биволмен және оның командасымен сөйлестім және біз келесі жылы реванш өткізуге келіссөз жүргізіп жатырмыз. Канело бұл жекпе-жектен бас тарта алмайды", - деп келтіреді Хирннің сөзін FightSpace телеграм каналы.

Осылайша, бәсекелестердің екінші жекпе-жегі 2023 жылдың 6-7 мамырында өтуі мүмкін.

Еске салайық, Бивол мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жек Дмитрийдің ұпай саны бойынша жеңісімен аяқталған болатын.

Т. Раушанұлы