Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанды

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанды

Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Елорда төрінде кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылып, әлем чемпиондығы сарапқа салынды.

Кештің басты кездесуінде қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) аргентиналық боксшы Хуан Эрнан Леалмен (15-1, 4 КО) жұдықтасты. Боксшылар IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондықты сарапқа салды.

Данияр Елеусінов екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Алайда аргентиналық боксшы оңайлықпен берілмеді. Қазақстандық боксшының шабуылына төтеп бере алды. Қорғаныста жұмыс істеп, Елеусіновтің боксына бейімделе білді. Кездесу чемпиондық раундтарға жетіп, Елеусінов кәсіпқой боксында алғаш рет 12 раундтық жекпе-жекте бақ сынады.

Төрешілердің шешімімен, қазақ боксшысы Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы

Айта кетейік, осы кеште Данияр Елеусіновтың ағасы Дәурен Елеусінов те рингке шыққан еді. Ол әзірбайжандық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Қ. Слямбек