Данияр Елеусінов салмақ өлшеуден сәтті өтті

Данияр Елеусінов салмақ өлшеуден сәтті өтті
Фото: ernur.kz

Ертең, 18 желтоқсанда Елорданың Jekpe-Jek сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Fight Night in Nur-Sultan шоуы өтеді.

Кештің басты кездесуі – қазақстандық Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао арасындағы бокс. Спортшылар IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын алу үшін бокстасады.

Бүгін спортшылар салмақ өлшеуден өтті. Данияр Елеусіновтің салмағы – 66,4 келі болды. Ал аргентиналықтікі – 66,5 келі.

Жекпе-жек 12 раудқа жоспарланған.

Бұған дейін Данияр Елеусінов кәсіби бокста 10 кездесу өткізіп, алтауын нокаутпен жеңген. Ал Хуан Эрнан Леао 15 кездесуге шығып, 4 нокаут жасаған. Біреуінде жеңілген.

Қ. Слямбек