Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Бүгін, 16 желтоқсанда Ньон қаласында Ұлттар лигасы-2022/23 кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Ұлттар лигасына 55 қауымдастықтың ұлттық құрамалары қатысады, олар төрт лигаға бөлінген.

Қазақстан С дивизионында қалатын болса, 3-топта Словакия, Беларусь және Әзірбайжанмен кездеседі. Егер қазақстандықтар D дивизионына түсіп қалса, 1-квартетте Лихтенштейн, Андорра және Латвиямен ойнайды.

А лигасы

A1: Франция, Дания, Хорватия, Австрия.

A2: Испания, Португалия, Швейцария, Чехия.

A3: Италия, Германия, Англия, Венгрия.

A4: Бельгия, Нидерланды, Польша, Уэльс.

В лигасы

B1: Украина, Шотландия, Ирландия, Армения.

В2: Исландия, Ресей, Израиль, Албания.

В3: Босния және Герцеговина, Финляндия, Румыния, Черногория.

B4: Швеция, Норвегия, Сербия, Словения.

С лигасы

С1: Фарер аралдары, Литва, Люксембург, Түркия.

С2: Кипр / Эстония, Косово, Греция, Солтүстік Ирландия.

С3: ҚАЗАҚСТАН / Молдова, Әзірбайжан, Беларусь, Словакия.

С4: Гибралтар, Грузия, Солтүстік Македония, Болгария.

D лигасы

D1: Лихтенштейн, Андорра, ҚАЗАҚСТАН / Молдова, Латвия.

D2: Сан-Марино, Кипр / Эстония, Мальта.

С немесе D лигасы (плей-офф ойындарының нәтижелері бойынша анықталады): Қазақстан, Кипр, Эстония, Молдова.

Топтық кезең аясында командалар 2022 жылдың маусым және қыркүйек айларында қарсыластарына қарсы ойнайды. 2022 жылғы әлем чемпионатының қыста өтуіне байланысты Ұлттар лигасының алты турының төртеуі маусым айында өтеді.

А лигасының төрт тобының жеңімпаздары 2023 жылдың маусымына жоспарланған Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне өтеді. В, С және D лигаларындағы топ жеңімпаздары лигаға көтеріледі. А және В лигаларындағы топтардың соңғы орындары төменгі лигаға түседі.

Т. Раушанұлы