Данияр Елеусінов басты жекпе-жекке шығатын бокс кешінің билеттері сатылымға шықты

Данияр Елеусінов басты жекпе-жекке шығатын бокс кешінің билеттері сатылымға шықты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта IBO белбеуі үшін жұдырықтасатын бокс кешіне билеттерді ресми сату басталды.

"18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жеңіліп көрмеген Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы басты чемпион атағы үшін жұдырықтасады.

Бұл іс-шараның билеттерін iticket.kz сайтынан алуға болады. Қазақ боксының жұлдыздары қатысатын шараға барғысы келетін кез келген адам билеттерді онлайн сатып алу арқылы өз орындарын таңдай алады", - деді осы бокс кешінің ұйымдастырушысы Зия Әлиев.

Еске сала кетейік, аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) негізгі кездесуде өнер көрсетеді, оның қарсыласы ресейлік боксшы Александр Устинов.

Сондай-ақ, осы бокс кеші аясында 20 жылдан бері алғаш рет 55,3 келі салмақта Қазақстан чемпионының белбеуі Ержан Залилов пен Ескендір Харсан арасында сарапқа салынады.

Дәурен Елеусінов әзірбайжандық боксшы Әли Мамедовпен кездессе, бокс кешінің тағы бір қатысушысы Жанқош Тұраров болады. Сондай-ақ 18 желтоқсанда Анджелина Лукас кәсіби дебютін жасайды.

Бокс кеші Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өтіп, "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Т. Раушанұлы