UFC-де ең көп табыс тапқан қазақстандық файтерлер белгілі болды

 UFC-де ең көп табыс тапқан қазақстандық файтерлер белгілі болды

Ең көп табыс тапқан UFC спортшылары белгілі болды. Сондай-ақ қазақстандық файтерлердің де табысы аталды.

Вестник MMA телеграм каналының хабарлауынша, бірінші орында ирландиялық файтер Конор МакГрегор тұр.  Ол өз мансабында 25 302 000 доллар табыс таба алған. Екінші орында ресейлік Хабиб Нурмагомедов – 14 770 200 доллар. Үздік үштікті нидерландық ардагер жспортшы Алистер Оверим түйіндеп тұр. Алистер бұл спорт түрінен қалтасын 9 914 500 долларға қалыңдатқан.

Бұл тізімде тек 2004 жылғы гонорарлар ресми түрде спорт комиссияларымен есепке алынған. Осылайша, берілген ақпарат тек UFC 46-дан UFC 266-ға дейін түскен ақшаны көрсетеді.

Сондай-ақ, бұл сомаларға турнирдегі ең жақсы жекпе-жек пен үздік өнер көрсеткені үшін берілетін бонустар, және UFC турнирлеріндегі киім-кешектердің демеушілік төлемдері кіреді. Бірақ рейтинг кейбір спортшылардың PPV-дан алатын төлемдерін,жеке демеушілердің қаражатын есепке алмайды.

Ең көп табыс тапқан UFC спортшылары топ-10:

1. Конор Макгрегор - 25 302 000 (долларов);

2. Хабиб Нурмагомедов - 14 770 200;

3. Алистар Оверим - 9 914 500;

4. Андерсон Силва - 8 732 000;

5. Майкл Биспинг - 7 135 000;

6. Джуниор Дос Сантос - 7 110 000;

7. Джордж Сент-Пьер - 7 037 000;

8. Джон Джонс - 7 025 000;

9. Андрей Орловский - 6 840 000;

10. Дональд Серроне - 6 816 200.

Қазақстандық спортшыларға келетін болсақ, олар рейтингте келесі орындарда:

836. Исмағұлов Дамир – 127 000;

995. Мария Агапова – 89 000;

1036. Шавкат Рахмонов – 77100;

1196. Жалғас Жұмағұлов – 53400;

1336.Сергей Морозов – 37500.

Т. Раушанұлы