Дәурен Елеусіновтің қарсыласы  белгілі болды

 Дәурен Елеусіновтің қарсыласы  белгілі болды

18 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде жекпе-жек өткізетін Дәурен Елеусіновтің қарсыласы  белгілі болды. Дәл осы кеште оның ағасы Данияр Елеусінов те жұдырықтасады.

Қазақстандық боксшының қарсыласы рингте 13 рет жеңіп, төрт рет жеңілістің дәмін татқан 33 жастағы әзірбайжандық боксшы Али Мамедов болмақ. Әзірбайжан боксшысы 2016 жылы қазан айында отандасымыз  Әли Ахмедов тен жеңіліп қалған болатын. Бұл Әли Мамедовтың  мансабындағы мерзімінен бұрын жеңілген алғашқы жекпе-жек болған еді.

Ол кейінгі жекпе-жегін 2017 жылдың тамыз айында өткізді. Елеусіновпен кездесі алдында әзірбайжандық боксшы 10 қарашада тағы бір жекпе-жек өткізеді. Ол Тамбовта жергілікті боксшы Рохман Ахметхановпен (2-0, 2КО) жұдырықтасады. Ал 38 күннен кейін Нұр-Сұлтандағы рингке шығады.

Ал, Дәурен Елеусінов (9-1-1, 8КО) кейінгі жекпе-жегін 10 шілдеде отандасы Арман Рысбекпен (7-2, 6КО) өткізіп, жеңген болатын.

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады. Ал, ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы Иван Дычко да (10-0, 10 КО) негізгі кездесуде өнер көрсетеді. Сонымен қатар, бокс кеші аясында 20 жылдан бері алғаш рет 55,3 келі салмақтағы Қазақстан чемпионының белбеуі Ержан Залилов пен Ескендір Харсан арасында сарапқа салынады.

Т. Раушанұлы