Әлем чемпионаты. Сәкен – алтын, Серік күміс алды

Әлем чемпионаты. Сәкен – алтын, Серік күміс алды

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов – алтын, Серік Теміржанов күміс жүлдегер атанды. Осылайша қазақ боксшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен жарысты аяқтады.

51 килоға дейінгі салмақта Сәкен америкалық боксшы Роско Хиллдан басым болды. Токио Олимпиадасында қола медаль еншілеген отандасымыз төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

57 килоға дейінгі салмақта Серік Теміржанов күміс медальды қанағат тұтты. Ол да америкалық боксшымен жұдырықтасқан. Төрешілер бұл жекпе-жекте Джамал Харвиді жеңімпаз деп таныды.

Айта кетейік, осыған дейін Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы болса, Махмұд Сабырхан – күміс, Абылайхан Жүсіпов қола жүлдегер атанған болатын.

Н. Тұрғанбекұлы