Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанды

Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанды

Жеңіл салмақта (48 кило) жұдырықтасатын қазақ боксшысы Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында тай боксшысы Вуттичай Юрачайдан басым болды.

Жекпе-жекте қазақстандық боксшы айқын жеңіске жетті. Бес төреші де отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Юрачай болса әлем чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты.

Бірінші раунда отандасымыз қолының ұзындығымен пайдаланып бірнеше рет дәл соқты. Үш төреші басымдықты Теміртасқа берді.

Екінші раундта да Теміртас ширақ қимылдап, ұпайын еселеді. Нәтижесінде барлық – бес төреші де жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Үшінші раундта да отандасымыз айқын басымдық танытты.

Айта кетерлігі, әлем чемпионатының финалында Қазақстан сапынан тағы үш спортшы, атап айтқанда, Сабырхан Махмұд, Сәкен Бибосынов және Серік Теміржанов қолғап түйістіреді.

Т. Раушанұлы