Футзал Еуро-2022: Жеребенің тікелей трансляциясын қайдан көруге болады?

Футзал Еуро-2022: Жеребенің тікелей трансляциясын қайдан көруге болады?

Бүгін, 18 қазанда Нидерландының Зейст қаласында футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының финал кезеңіне жеребе тартылады, оған Қазақстан құрамасы да қатысады.

Турнирде алғаш рет 12 емес, 16 ұлттық құрама бақ сынайды. Сонымен қатар, Еуро енді екі жылда емес, әр төрт жыл сайын өткізіледі.

Барлық қатысушылар УЕФА -ның ерлер арасындағы футзал рейтингі бойынша белгіленді. Қазақстан бірінші қоржынға түсті, онда рейтингі жоғары командалар, оның ішінде  қазіргі әлем чемпионы – Португалия бар.

Жеребе тарту рәсімін Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де УЕФА сайтынан мына сілтеме бойынша көруге болады.

Нидерланды құрамасы турнирдің қожайыны ретінде Еур -2022 финалына тікелей жолдама алды. Басқа қатысушы елдер – Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Хорватия, Финляндия, Грузия, Италия, Польша, Ресей, Словакия, Словения, Испания және Украина. Соңғы жолдаманы Сербия мен Беларусь 14-17 қараша аралығында сарапқа салады.

Әр топтан үздік шыққан екі команда ширек финалға өтеді. Еуро-2022 келер жылдың 19 қаңтарында басталады, ал финал 6 ақпанда Амстердамда өтеді.

1 қоржын
Испания
Ресей
Португалия (чемпион)
Қазақстан

2 қоржын
Хорватия
Әзірбайжан
Сербия / Беларусь
Италия

3 қоржын
Украина
Словения
Босния мен Герцеговина
Польша

4 қоржын
Финляндия
Словакия
Грузия
Нидерланды (алаң иелері, А тобында 1 -орын)

Т. Раушанұлы