Қазақстан бокстан әлем біріншілігіне Азия чемпионы мен жаңа жұлдыздарды апарады

Қазақстан бокстан әлем біріншілігіне Азия чемпионы мен жаңа жұлдыздарды апарады
Фото: vesti.kz

Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет Сербияда өтетін әлем чемпионатында жаңа салмақта өнер көрсетуі мүмкін, ал ауыр категорияда жарысқа Қазақстанның жастар құрамасының жұлдыздары барады. 

Әлем біріншілігіне команда көшбасшылары - Василий Левит пен Қамшыбек Қоңқабаев қатыспайды. Олардың орнына жастар құрамасының өкілдері аттанады. Жас таланттар үшін Белградтағы турнир үлкен сынақ болмақ.

2021 жылғы әлем чемпионатында ауыр салмақта үшеу емес, төрт категория болады. Демек үміткер боксшылар үшін оңтайлы салмақ таңдауға мүмкіндік көбірек. 

2021 жылғы әлем біріншілігіне Қазақстан мынадай құраммен аттануы ықтимал (ауыр салмақ):

 80 келіге дейін - Нұрбек Оралбай, Бауыржан Байгөшеков және Азамат Бектас.

86 келіге дейін - Сағындык Тоғамбай, Бек Нұрмағанбет және Оңталап Рахманов.

92 келіге дейін - Айбек Оралбай, Мәди Әміров және Айболды Дәуренұлы.

92 келіден аса - Сабырғали Аманат, Мұхамеджан Еркін, Даниял Сапарбай және Нұрлан Сапарбай.

Дереккөз: Vesti.kz

А. Жапатова