Фьюри Уайлдерді екінші рет нокаутқа жіберіп, чемпиондық титулды қорғады (видео)

Фьюри Уайлдерді екінші рет нокаутқа жіберіп, чемпиондық титулды қорғады (видео)

Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақта британдық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) мен америкалық Деонтей Уайлдер (42-1-1, 41 KO) арасындағы жекпе-жек өтті.

Уайлдер бірінші нөмірмен  жұмыс істеді, ал Фьюри қарсы шабуылда әрекет етті. Үшінші раундта британдық қарсыласын  нокдаунға жіберді.

Бірақ төртінші раундта Уайлдер Фьюриді құлатты. Фьюри орнынан тұрды, бірақ қайтадан құлады.

Оныншы раундта Фьюри Уайлдерді екінші рет нокдаунға жіберді, 11- раундта британдық америкалықты нокаутқа түсірді.

Осылайша, Фьюри титулды сәтті қорғап, 31-жеңісіне қол жеткізді (22 КО). Уайлдер мансабында екінші рет жеңіліс дәмін татты. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл олардың үшінші кездесуі болды. 2018 жылдың желтоқсанындағы алғашқы жекпе -жек тең аяқталды. ал 2020 жылдың ақпанында Фьюри жетінші раундта Уайлдерді нокаутқа жіберіп, WBC белбеуін одан тартып алды.

Т. Раушанұлы