Роналдудың тарихтағы үздік футболшы екені ғылыми түрде дәлелденді

Роналдудың тарихтағы үздік футболшы екені ғылыми түрде дәлелденді

Оксфорд математигі Том Кроуфорд тарихтағы ең мінсіз футболшыны есептеу формуласын ойлап тапты. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Ғалым бірнеше критерий бойынша әлемдегі ең үздік футболшыға берілетін "Алтын доп" сыйлығын кемінде екі рет алған ойыншыларды тексерген.  Ұлттық және халықаралық жүлделер, клубтар мен ұлттық командалар үшін соғылған голдар, сайлаушылардың жалпы санының пайызы, Алтын доп номинациясы, сонымен қатар жеке рекордтар есептелген.

Оның математикалық дәлелі бойынша, "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду ең көп ұпай жинап (537 ұпай), тарихтағы ең үздік футболшы атанды.

Одан кейін тізімде 503 ұпаймен ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси тұр. Үшінші орынды 459 ұпаймен бразилиялық Пеле иеленді.

Роналду – "Алтын доптың" бес дүркін және Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы. Португалдық ұлттық құрама сапындағы голдар санын 111-ге жеткізіп,  футбол тарихындағы үздік сұрмерген  атанды.

Т. Раушанұлы