Қазақстан құрамасы Украинамен тең ойнады

Қазақстан құрамасы Украинамен тең ойнады

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Украина құрамасымен Нұр-Сұлтандағы "Астана Аренада" кездесті. Тартысты өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Алғашқы минуттан-ақ белсенді болған украиналықтардың шабуылы нәтижелі болды. 2 минутта айып алаңының сыртынан шірене тепкен Роман Яремчуктың добы қақпа төрінен табылды.

Бірінші таймда екі команда да гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Исламбек Қуаттың алыстан тепкен добы қақпа бағанасынан биік кетсе, украиналықтардың шабуылын қазақстандық құраманың қорғаушылары қайтарды.

Екінші таймды отандастарымыз ширақ бастады. 68 минутта Айымбетов соққан голды, бапкер VAR  қарап, офсайд деп есептемеді. Бірақ, бұдан кейінде Қазақстан құрамасы тоқтап қалмай, шабуылын үдетті.

74 минутта алаң ортасынан әуелетіп асырған Асхат Тағыбергеннің пасын қорғаушы  Валиуллин голға айналдырды. Есепті теңестірген Валиуллин ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты.

93 минутта Данил Сикан гол соғып, украиналықтарды алға шығарды. Бірақ, 95 минутта Валиуллин гол соғып есепті теңестіріп кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Украина арасындағы бірінші матч наурызда Киевте өтіп, тең аяқталды - 1:1. Сол кездесуде, 20-минутта Роман Яремчук украиналықтарды есепте алға шығарды, бірақ 59-шы минутта Серікжан Мужиков жауапты голды соқты.

D тобындағы командалардың қазіргі жағдайы келесідей: Франция - 7 ұпай (3 матч), Украина - 4 (4), Финляндия - 2 (2), Босния және Герцеговина - 1 (2), Қазақстан - 2 (3).

Маусым айында Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен жолдастық кездесу өткізіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Т. Раушанұлы