Паралимпиада: Дзюдодан екінші күміс қоржынға түсті

Паралимпиада: Дзюдодан екінші күміс қоржынға түсті

Қазақстандық дзюдошы Теміржан Дәулет Токио Паралимпиадасының финалында белдесті.

73 келіде өнер көрсетуші отандасымыз ақтық кездесуде өзбекстандық спортшысы Феруз Саидовпен белдесті. Алайда айласын асыра алмады. Иппон әдісімен жеңілді.

Осымен ел қоржынына дзюдодан екінші күміс, ал Паралимпиаданың өзінен үшінші медаль түсті. Токио төрінде пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын, дзюдодан Ануар Сариев күміс иемденді.

Қ. Слямбек