"Қайрат" Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

"Қайрат" Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты
Фото: ©ФК "Кайрат"

"Қайрат" футбол клубы биыл басталған Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты. Алматылық команда қарымта ойында да Люксембургтің "Фола" клубын айқын басымдықпен ұтты.

Қазақстандық клуб бірінші ойында 4:1 есебімен жеңіске жеткен. Алматыдағы ойында 3:1 есебімен басым болды. Команда құрамында Артур Шушеначев дубль авторы атанса, бір голды Вагнер Лав соқты. Қонақтар сапындағы бір голды Мирза Мустафич өз еншісіне жазып қайтты.

"Қайрат" еурокубоктың топтық кезеңінде алғаш рет бақ сынамақ. Осыған дейін плей-офф кезеңінен аса алмай келген еді.

Айта кетейік, жақында ғана "Қайрат" командасының бас жаттықтырушысы қызметіне Құрбан Бердыев тағайындалған болатын. Ол жарысқа тіркеліп үлгермегендіктен бүгінгі ойынды VIP ложадан тамашалады.

 

Н. Үсенова