Давид Дегтярев туралы бірнеше дерек және ол алтын медаль үшін қанша сыйақы алады?

Давид Дегтярев туралы бірнеше дерек және ол алтын медаль үшін қанша сыйақы алады?
Фото: НПК

Давид Дегтярев Токиода өтіп жатқан Паралимпиададағы алтыны үшін 250 000 доллар алады.

Біздің елдегі Олимпиада мен Паралимпиада жүлделері бірдей: алтын – 250 000 доллар, күміс - 150 000, қола – 75 000, төртінші орын – 30 000, бесінші орын – 10 000, алтыншы орын – 5 000.

Ал енді Давид туралы бірнеше дерек ұсынамыз:

♦ Давид Дегтярев – 25 жаста. 1996 жылы 12 маусымда Атбасар қаласында (Ақмола облысы) дүниеге келген;

♦ Давид 19 жасында спортпен айналыса бастады, ол Көкшетаудың "Мерген" спорт клубының атынан өнер көрсетеді;

♦ Халықаралық деңгейде Давид өзінің дебютін 2017 жылы Дубайда өткізді, ал алғашқы беделді жеңісіне бір жылдан кейін қол жеткізді. Ол Паразиада-2018-де күміс алды;

♦ Давид әлі әлем чемпионаттарында жүлдеге ілінген жоқ. Тек 5 және 7-орын алған.

♦ Давид Токио Паралимпиадасына жақсы дайындықпен келді. Мамыр айында ол әлем кубогын жеңіп алды, Азия рекордын орнатты (185 келі) және өз салмағының рейтингісінде көшбасшы атанды;

♦ Давидтің кумирі – Лионель Месси;

Т. Раушанұлы