Конференция Лигасы: “Шахтер” “Маккабиден” ұтылды

Конференция Лигасы: “Шахтер” “Маккабиден” ұтылды

Нұр-Сұлтанда Конференция лигасының плей-офф кезеңінің матчы өтті, онда “​​Шахтер” Тель-Авивтің “Маккабиін” қабылдады.

Кездесу “Астана Аренада” өтті. Ойын 2: 1 есебімен израильдіктердің пайдасына аяқталды.

Ұзақ уақыт бойы есеп ашылмады. Тек 73 -минутта Идрис Умаев қарағандылық команданы алға шығарды.

Қонақтар бірден ойынды өз қолына алып, екі минут ішінде екі гол соғып, жеңісті жұлып алды. Алдымен Матан Хозез 75 – минутта есепті теңестірсе, 77 -ші минутта Эден Шамир жеңіс голын соқты.

Қарымта кездесу Израильде 26 тамызда өтеді.

Еске салайық,  жеңімпаз Конференциялар лигасы тобына өтеді.

Т. Раушанұлы