Тokyo 2020: Әбілхан Аманқұл ширек финалға шықты

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Олимпиаданың ширек финалында Өзбекстан бокшысы Фанат Кахрамоновпен кездесті.  

75 килода өнер көрсеткен отандық боксшы алғашқы раундта есе жібергенімен, екінші раундта шабуылын жиілетіп, төрешілердің  шешімімен таразы басын теңестірді. Үшінші раундта екі боксшының да шаршағаны байқалды. Бірақ қазақ боксшысы төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңіп шықты.

Айта кеткен жөн, осы салмақта Қытай атынан Олимпиадаға келген қандас Тоқтарбек Таңатханұлы да екінші айналымда жеңіліс тапты.