"Қайрат" "Порту" ойыншысымен келісімшартқа отырды

"Қайрат" "Порту" ойыншысымен келісімшартқа отырды
Фото: fckairat.com

Жартылай қорғаушы Рикарду Алвеш "Қайрат" футбол клубына ауысты. Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты мәлімдеді.

Рикарду Алвеш Коэльо да Силва 1993 жылы 25 наурызда Лороза қаласында (Португалия) дүниеге келген. Португалиялық футболшы және жартылай қорғаушы. Словенияның екі дүркін чемпионы (2015/16, 2017/18), Словения Кубогының иегері (2017/18), Сегунда лигасының (2012/13) және ФНЛ (2020/21) жеңімпазы.

Ол Алматылық "Қайратпен" 1,5 жылға келісімшарт жасады.

Кәсіби мансабын 2012 жылы Беленесс клубының мүшесі ретінде бастаған. Ол сондай-ақ "Портимоненси",  "Рапид", "Олимпия", "Оренбург" және "Крылья Советов"  сияқты командаларда ойнаған.

Кәсіби клубтық мансабында 188 матч өткізіп,  25 гол соғып, 21 нәтижелі пас берген.

Португалиядағы түрлі жастар мен жасөспірімдер құрамаларына шақырылған.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық клуб бразилиялық шабуылшы Джоао Паулу, қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский және "Барселонаның" академиясынан шыққан Маки Банякамен келісім шарт жасады.

Т. Раушанұлы