Роналдудың ишарасынан кейін Coca-Cola акциясы құлдырады – БАҚ

Роналдудың ишарасынан кейін Coca-Cola акциясы құлдырады – БАҚ

Криштиану Роналду Португалия мен Венгрия матчы алдындағы баспасөз мәслихатында үстелдегі Coca-Cola бөтелкелерін шетке итеріп, оның орнына су бөтелкесін алып: "су ішкен денсаулыққа пайдалы" деген болатын.

Роналду коладан бас тартқаннан кейін 30 минут өткен соң, Еуро-2020 демеушісі болған Coca-Cola акцияларының құны 1,6 пайызға төмендеген. Компания құнын 242 миллиардтан 238 миллиардқа дейін төмендетіп, жалпы шығыны 4 миллиард долларды құраған.

Алайда сарапшылар бұл оқиғаларды бір-бірімен байланыстырмайды. Олар өндірушінің акциялары футболшының баспасөз конференциясына үш күн қалғанда құлдырай бастады деп мәлімдейді.

Coca-Cola өкілдері бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ, бірақ бұл желі қолданушыларының арасында шу туғызды.

Қолданушылар Роналдудың дұрыс тамақтануды қолдайтынын және газдалған сусындар өндірушілерінің жарнамалық науқандарында бұрын-соңды болмағанын айтты. Португалия капитаны қант қолданбайды және диета ұстайды.

Криштиану Роналду кола бөтелкелерін алып тастағаннан кейін, Францияның жартылай қорғаушысы Пол Погба ым-ишараны қайталап, алкоголь бөтелкесін баспасөз конференциясында үстелден алып тастағаны туралы хабарланды.

Португалия жеңіске жеткен ойында Роналду екі бірдей рекорд жаңартты

Бұған дейін Криштиану Роналду Еуро-2020-да бірден екі рекорд орнатқан болатын. Бірі 10 гол соғып, 9  гол соққан Платинидің рекорды. Екіншісі, қазіргі Еуропа чемпионаты - Криштің мансабындағы бесінші жарыс. Ол турнир тарихында осындай жетістікке жеткен алғашқы футболшы атанды.