Арман Оспанов АҚШ-ғы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен жеңілді (видео)

Арман Оспанов АҚШ-ғы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен жеңілді (видео)

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман "Сұңқар" Оспанов АҚШ-ғы алғашқы жекпе-жегін сәтсіз аяқтады. Отандасымыз Professional Fighters League (PFL) ұйымындағы турнирде америкалық Крис Уэйдке есе жіберді.

Жекпе-жек кеші Атлантик-Ситиде (Нью-Джерси, АҚШ) өтті. Екі спортшы бірінші болып октагонға көтерілді.

Бірінші раунд шайқасқа толы болды. Арман аянып қалмады. Қорғана жүріп, қарсыласын қыспаққа ала білген. Дәл соққыларын дарыта да білді. UFC-де шайқасқан қарсыласы да қаймығып қалған жоқ. Өз мүмкіндігін оңтайлы пайдалана білді. Бірінші бес минут аяқталар тұста Арманның қабағы жарылды.

"Сұңқар" екінші раундты да сәтті бастаған. Алайда қарсыласының тіземен жасаған бір жойқын соққысы жекпе-жек тағдырын шешті. Осылайша Крис Уэйд нокаутпен жеңіске жетті.

Мен осындай жеңісті ұзақ күттім, оған лайықтымын да. Мансабымда мені ешкім ойсырата жеңбеген. Мені олай жер жастандырып қана жеңе алады, - деді жекпе-жектен кейін.

Арман "Сұңқар" Оспанов мансабында төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Ал Крис болса PFL-дегі ұпайын арттырып, өз салмағында бірінші орынға шықты.

@massaget.kz

Арманның АҚШ-ғы бірінші жекпе-жегі сәтсіз болды. Алдағы мансабына сәттілік тілейміз! ##pfl ##ufc ##kazakhstan ##wadeospanov ##rec ##arman

♬ оригинальный звук - Massaget.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді