Хабиб Нурмагомедов кеткеннен кейін жаңа UFC чемпионы анықталды

Хабиб Нурмагомедов кеткеннен кейін жаңа UFC чемпионы анықталды

Бразилиялық жекпе-жек шебері Чарльз Оливейра жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атанды.

Бұл белбеу ұзақ уақыт Хабиб Нурмагомедовке тиесілі болған еді. Бірде бір рет жеңіліске ұшырамаған ресейлік спортшы өткен жылдың қазан айында кәсіби спорттан кететінін мәлімдеген болатын.

Осыдан соң наурыз айында UFC Оливейра мен Майкл Чандлер жаңа чемпион атағы үшін күш сынасады деген шешім қабылдады.

Жекпе-жек АҚШ-та өтіп, Хьюстондағы UFC 262 турнирінің басты айқасы  болды. Бірінші айналымда екі спортшы да аянып қалмады.  Бірақ екінші бес минут бастала салысымен Оливейра Чандлерді жеңе бастады. Осыдан соң төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Т. Раушанұлы