Лестер өз тарихында алғаш рет Англия кубогын жеңді

Лестер өз тарихында алғаш рет Англия кубогын жеңді
Фото: theuk.one

Атақты Уэмбли стадионында өткен Англия кубогының финал ойынында Лестер командасы Челсиден айласын асырып, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 63 минутында алыстан шірене тепкен Юри Тилеманстың соққысын қақпашы Аррисабалага қайтара алмады.

Қос командадағы шабулшылар Варди мен Вернер де бірнеше мүмкіндікке ие болғанымен олардың соққысы қақпадан мүлт кетті.

Лестер Сити осыған дейін 4 рет Англия кубогының финалына шығып жеңілген болатын. Шмейхель бастаған Лестер командасы бесінші финалында өз тарихында алғаш рет бұл кубокты иеленді.

Т. Раушанұлы