Азия чемпионатына баратын қазақ боксшылары белгілі болды

Азия чемпионатына баратын қазақ боксшылары белгілі болды

21 мамыр мен 1 маусым аралығында Дубайда (БАӘ) бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Сары құрлықтың басты додасына қатысатын ұлттық құрама боксшылары анықталды, – деп хабарлайды Olympic.kz.

49 кило: Даниял Сәбит
52 кило: Сәкен Бибосынов
56 кило: Сабырхан Махмұд
60 кило: Серік Теміржанов
64 кило: Закир Сафиуллин
69 кило: Абылайхан Жүсіпов
75 кило: Әбілхан Аманқұл
81 кило: Бекзад Нұрдәулетов
91 кило: Василий Левит
+91 кило: Қамшыбек Қоңқабаев

Бұл додаға Олимпиадаға қатысатын боксшыларды түгел алып бара жатырмыз. Өйткені, Азия чемпионаты Токио қарсаңындағы ең маңызды дайындық кезеңдерінің бірі саналады. Олимпиадада бақ сынайтын жігіттерді тағы да бір сынап алмақпыз. Сондай-ақ, Азия чемпионаты он салмақ дәрежесінде өтетіндіктен, 57 килода Серік Теміржановты 60 килоге ауыстырдық. 52 килодағы Сабырхан Махмұд 56 килода жұдырықтасады. 49 килода еліміздің ең жас чемпиондарының бірі болған Даниял Сәбитті сынға қостық. Олимпиадашыларға толық мүмкіндік бердік, – дейді бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев. 

Еске сала кетейік, бокстан Азия чемпионаты Үндістанның Нью-Дели қаласында өтуі тиіс еді. Алайда аталған елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыс Дубайға ауыстырылған-ды.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді