Чемпиондар лигасы. "Манчестер Сити" бірінші ойында жеңіске жетті

Чемпиондар лигасы. "Манчестер Сити" бірінші ойында жеңіске жетті
Фото: vk.com

Футболдан Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы "ПСЖ" (Франция) мен "Манчестер Сити" (Англия) арасындағы бірінші ойын аяқталды. Парижде өткен кездесуде қонақтар 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда алаң иелері ұтып шыққан. 15 минутта Маркиньос өз командасын алға шығарды. Ағылшындық клуб бірінші таймда таразы басын теңестіре алмады. Есесіне екінші таймда есесін қайтарды. 64 минутта Кевин де Брейне таразы басын теңестірсе, араға 7 минут сала Рияд Марез айып добын сәтті орындап, "Манчестер Ситиді" алға шығарды.

Ойынды "ПСЖ" командасы 10 футболшымен аяқтады. 77 минутта Идрисса Гуйе ойын ережесін өрескел бұзғаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Екі команда арасындағы қарымта ойын 5 мамыр күні Манчестерде өтеді.

Айта кетейік, кеше өткен жартылай финалдағы бірінші ойында "Реал Мадрид" пен "Челси" 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.

Н. Үсенова