Қазақстандық төрт боксшы Ресейдегі халықаралық турнир финалына шықты

Қазақстандық төрт боксшы Ресейдегі халықаралық турнир финалына шықты
Фото: olympic.kz

Қазақстандық төрт боксшы Санкт-Петербургте өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына шықты. Жарысқа әлемнің 15 елінен 100-ге жуық боксшы келді. Қазақстан атынан жарысқа 9 салмақта 10 былғары қолғап шебері аттанған.

Жартылай финалға елімізден жеті боксшы жолдама алған еді. Олардың арасынан төртеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты.

Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан сапынан Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Әбілхан Аманқұл және Бекзат Нұрдәулетов финалда жұдырықтасады. Ал жартылай финалда қарсыластарына жол берген Даниал Сабит, Бекнұр Ожанов және Айбек Оралбай қоланы қанағат тұтты.

Н. Үсенова