Грек-рим күресі. Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Күрес түрлерінен Алматыда басталған Азия құрлықтық іріктеу турнирінде алғашқы жолдама қоржынға түсті. Грек-рим күресінен 87 килоға дейінгі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов лицензияға ие болды.

Бүгін іріктеу турнирі грек-рим күресінен өтіп жатыр. Нұрсұлтан Тұрсынов бірінші белдесуінде жапон Масато Сумимен кездесті. Тартысты белдесуде 5:3 есебімен жеңіске жетті. Ал жартылай финалда үндістандық қарсыласын 5:9 есебімен жеңді. Осылайша финалға шыққан Нұрсұлтан жолдама еншіледі.

Финалда қазақстандық балуан Қытайдан келген Пей Пенгпен белдеседі.

Бүгін жолдамаға төрт бірдей отандасымыз таласқа түскен. 13 жылдан кейін боз кілемге оралған Георгий Цурцумия (130 кило) екі белдесуінде де жеңіліс тапты.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мейіржан Шермағанбет бірінші кездесуде қырғызстандық Марлен Асикеевтен 2:8 есебімен ұтылды. 

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Олжас Сырлыбай бірінші белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Сейол Лиден ұтылды. Белдесу 1:1 есебімен тең аяқталғанымен, соңғы ұпайды кореялық спортшы иеленді. Күрес ережесі бойынша белдесу тең аяқталған жағдайда жеңіс соңғы ұпайды иеленген балуанға беріледі.