Дамир Ысмағұлов UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойды

Дамир Ысмағұлов UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойды
Фото: aqzhelken.kazgazeta.kz

Ресейлік қазақ файтер Дамир Ысмағұлов UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.

"UFC-мен 4 жекпе-жекке жаңа келісімшартқа қол қойғаныма қуаныштымын. Менеджеріме жасаған жұмысы үшін рақмет. Аңшылық маусымы ашық", - деп жазды Дамир.

Айта кеиейік, Дамир Ысмағұлов UFC-де 2018 жылдың желтоқсанында дебют жасады. Ол UFC-де жеңіске жеткен алғашқы қазақ болды. Дамир үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Т. Раушанұлы