Кәсіпқой бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Кәсіпқой бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Фото: almaty.tv

Қайрат Рейімов Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы президентінің міндетін атқарушы болды.

13 ақпанда Алматыда Қайрат Ниетбайұлы Реимовты Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы президентінің міндетін уақытша атқарушы етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Қайрат Рейімов кәсіби бокс федерациясын дамытудың жаңа тұжырымдамасын таныстырды:

федерацияның атқарушы комитетінің құрамын кеңейту. Федерация атқару комитетінің жұмысын жандандыру және жақсарту;

Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде кәсіпқой боксшылардың денсаулығы мен өміріне қамқорлықты тұрақты құқықтық және әлеуметтік қорғау және жүйелі қамтамасыз ету;

кәсіпқой боксшылар арасында Қазақстан чемпионы атағы үшін турнирді қайта өткізе бастау;

Қазақстан өңірлерінде кәсіби бокс форумдарын (семинар, шеберлік класы және басқасын) ұйымдастыру;

Орталық Азия елдерінің (Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Иран) кәсіби бокс федерациясын құруға бастама жасау.

Т. Раушанұлы