Канело мен Сондерс арасындағы жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Орта салмақтағы WBC және WBA әлем чемпионы Сауль Канело Альварес пен WBO белбеуінің иегері, британиялық Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды.

Атақты америкалық журналист және инсайдер Майк Коппингердің айтуынша, Канело мен Сондерс 8 мамырда жұдырықтасады.

Оның айтуынша, жекпе-жек DAZN платформасында өтеді. Әлі қай аренада өтетіні белгісіз.

27 ақпанда, Канело өзінің WBC чемпиондық белбеуін түркиялық Авни Йылдырыммен  жекпе-жек өткізіп, қорғауы керек.

Канело мен Сондерс WBC, WBA және WBO белбеулері үшін жекпе-жек өткізуге келіскен.

Ал Альварес британиялық Эдди Хирнмен екі жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасаған болатын.