UFC 257: Порье Макгрегорды нокаутпен жеңді (видео)

UFC 257: Порье Макгрегорды нокаутпен жеңді (видео)
Фото: chatsports.com

Абу-Дабидегі "Сарбаздар аралында" аралас жекпе-жектен UFC 257 турнирі өтті. Кештің басты оқиғасы Конор Макгрегор мен Дастин Порьенің айқасы болды.

Конор Макгрегор мен Дастин Порье басты жекпе-жекте шайқасты. Екі спортшы бұған дейін жекпе-жек өткізген. 2014 жылы ирландиялық спортшы қарсыласын нокаутпен жеңген. Міне, араға 7 жыл салып қос спортшы қайта кездесті. 

Тартысты өткен жекпе-жекте Дастин Порье жеңіске жетті. Ол қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Аталмыш турнирде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов та жұдырықтасты. Ол 27 жастағы швед файтері Әмір Әлбазимен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты. 

А. Рысдәулет