Роналду абсолютті әлем рекордын қайталады

Роналду абсолютті әлем рекордын қайталады
Фото: thesun.co.uk

Футболдан Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду кезекті рекордқа жетті.

Ол Италия чемпионаты аясында өткен "Ювентуса" – "Сассуоло" (3:1) матчында көзге түсіп, мансабындағы 759-шы голын соқты. 

Осылайша Роналду 1931-1955 жылдар аралығында чехиялық сұрмерген Йозеф Бицан орнатқан көрсеткішті қайталады. Бұл көрсеткіш бойынша Роналду мен Бицаннан соң Пеле тұр.

Сондай-ақ, португалиялық футболшы кейінгі 15 маусымда Еуропаның үздік 5 чемпионатының аясында кемінде 15 гол соққан жалғыз ойыншы атанды. 

 

А. Рысдәулет