Садриддин Ахмедов WBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді

Садриддин Ахмедов WBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді
Фото: vesti.kz

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой мансабындағы он екінші жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы мен WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері келесі жекпе-жегін 30 қаңтарда Мексиканың Куэрнаваке қаласында өтетін бокс кешінде өткізеді. Қарсыласы нидерланд боксшысы Стивен Даньо (17-3-3, 6 КО) болмақ. Бәске бірінші орта салмақтағы WBA Continental титулы тігіледі. 

Күні кеше боксшы пандемияға байланысты жекпе-жегінің уақыты нақты белгіленбай жатқанын мәлімдеген еді: 

"Пандемияға байланысты жекпе-жегіміз анықталмай жатыр. Жекпе-жектің созылуына менің, жаттықтырушымның немесе промоутерімнің кінәсі жоқ. Алланың қалауымен жақын арада барлығы белгілі болады және Канада елінің басшылығы келісімін беретінін айтты. Қазақ елінің көк байрағын желбірету үшін барымды салып, қазақтың кім екенін дәлелдеуге толық қызуғанды жаттығу үстіндемін", - деп жазды боксшы Instagram-парақшасына.

2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан Садриддин Ахмедов 11 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Ал он қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шыққан. Соңғы жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Канадада аргентиналық  Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жеңді.

А. Рысдәулет